Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коллектордың қоқан-лоқысынан қорықпаңыз!

24.09.2020, 10:45 311 0

Жақында еліміздің Бас прокуратурасы жеке сот  орындаушылар мен коллекторлық компаниялардың қызметіне тексеру жүргізген. Оған көпшіліктің тарапынан түскен талап-арыздар негіз болыпты. Бақылаушы орган қызметкерлері тексеру нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Бұл жөнінде бас прокурордың аға  көмекшісі  Қайрат  Раисов  айтты.

Қарыз алушының көлеңкесіне айнал­ған коллекторлар бүгінде борышкерлер­дің мазасын әбден қашырды. Оларға қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетіп, қарызды өндіру үшін қолынан келгенін істейтін көрінеді. Ал бұл заң тұрғысынан орынды ма? Негізінен коллектордың борыш­керге қарызын ескертіп, қоңырау шалуға немесе кездесуге ғана құзыры бар. Ал одан үстем мүлікке тыйым салу, сауда­-саттыққа шығару, банктік шоттарға қол жеткізу, елден шығуды шектеу сияқты талаптар­ қоюға құзыреті жоқ. Алайда банктерден қарызы бар портфелдерді сатып­ алған коллекторлар жеке сот орындаушылармен ауыз жаласып, айлаға көшкен.

Жағдайды реттеу үшін олар өздеріне бағынышты жеке сот орындаушылар кеңселерін ашқан. Біреуі лицензия алып, кеңсені ресми түрде ашып, сот орындаушылардың базасына қол жеткізген. Бірақ іс жүзінде орындаумен айналыспаған. Керісінше жеке деректер қорын коллекторлар өз мақсаттарына жұмсаған. Осылайша олар электронды қолтаңба арқылы­ шексіз құқық тетіктеріне ие болған. Сот орындаушылар базасы мемлекеттік ақпараттық жүйе, жеке сот орындаушылар барлық атқарушылық әрекеттерді жасайды. Ал оған коллекторлардың қол сұғуына рұқсат жоқ. Жеке деректер базасы арқыл­ы жеке сот орындаушылар ғана мәжбүрлеп орындатуға құқылы. Коллекторлармен өзара келісіп, заңбұзушылыққа барған жеке сот орындаушыларының 17-сі лицензиясынан айырылып,  40-ынан сыбайлас болғандығы жө­нінде  белгі  байқалған.

Сондай-ақ, заңсыз әрекеттерінің ізін жасыру үшін ортақ келісімге де келген. Кейбір өңірлерде коллекторлар жеке сот орындаушылардың қаулыларын про­куратураға санкция алу үшін жіберіп отырған.

Бас прокурордың аға көмекшісінің айтуынша, алдағы уақытта коллекторлық қызмет туралы заңға түзетулер енгізіледі. Онда қарыз алушылардың құқығын күшейту, коллектор қызметіне арналған талаптарды қатаңдату мәселелері қам­тылатын  болады.

НАМАЗШАМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: