Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Киік атқан браконьерлер ұсталды

13.05.2020, 15:17 518 0

HALYQLINE.KZ  «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы аясында 2020 жылғы 12 мамырда Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның және Қазталов аудандық полиция бөлімінің инспекторларының бірлескен рейдтік шарасы барысында Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының аумағында киікті заңсыз атқан екі браконьер құрықталды.

Оқиға орнын қарау кезінде киіктің 30 мүйізі мен 15 ұшасы, ИЖ маркалы мылтық және 57 оқ табылып, тәркіленді.

Аталмыш факты СДТБТ-де тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 337-бабымен іс қозғалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: