Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантиндік шектеулер кезінде сот жұмысы онлайн режимінде жалғасады

14.05.2020, 10:18 498 0

Азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында, қазіргі уақыттағы карантиндік шектеулер кезеңінде соттардың жұмысы онлайн режимінде жалғасады. Барлық талап-арыздар, істер тек электронды түрде қабылданады. 

Сотқа жүгіну үшін «Сот кабинеті» электронды сервисі қолданылады. Аталған сервиске тіркелу үшін алдымен электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек. Жеке және заңды тұлғалар «Сот кабинеті» электронды сервисінің көмегімен талап арызы, шағым және сұраныс беріп, орындалуын қадағалай алады. Аталған сервис сот органдарының қызметіне арналған бірыңғай терезе болып саналады. Сонымен қатар, сот ісін жүргізуді жеңілдетеді және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда талап арыздардың басым бөлігі сотқа электронды түрде түседі. Бұл соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мәселен, азамат немесе заңды тұлға өзінің үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі.

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты, төтенше жағдай жарияланған кезеңде сот жүйесі барлық талап арыздарды, шағымдарды, сұраныстар мен істерді электронды түрде қабылдады. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. 

Ал, сот отырыстары қашықтан «WhatsApp», «TureConf», «Skype» және «Zoom» мобильді қосымшаларының көмегімен өткізілуде.

Нұргүл Нұрбайқызы,

Байқоңыр қалалық сотының жетекші маманы

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: