Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантин уақытында көлге барып, көңіл көтерген кімдер?

15.04.2020, 11:38 818

HALYQLINE.KZ –| Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен карантин режимін бұзған тұлғаларға қатысты 10 әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, төтенше жағдай кезінде көлік құралдарының жүруіне шектеу қойылғанына қарамастан кешкі сағат 21:00-ден кейін негізсіз автокөлік басқарып жүрген үш құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 9-тармақшасымен кінәлі деп танылып, екі құқық бұзушы 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, 1 құқық бұзушыға 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, аудан тұрғындарына кешкі сағат 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жүруге шектеу қойылғанына қарамастан негізсіз көше бойында балалармен топтасып жүрген екі құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен біреуі 5 тәулікке, екіншісі 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қазалы ауданы, Алтай теміржол бекеті жанындағы көлге серуенге шыққан екі құқық бұзушыға соттың қаулысымен 27 780 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды бұза отырып, көше бойында қорғаныс бетпердесіз жүрген үш құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен ескерту жазасы тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: