Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантин талабын бұзған 160 адамға айыппұл салынған

04.08.2020, 16:00 424

HALYQLINE.KZ Карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топ 5 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 1269 нысанға рейд жүргізді. Нәтижесінде 160 нысанда ӘҚБтК-тің 425/1 бабына сәйкес заңбұзушылықтар анықталып, 6 667 200 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның басым бөлігі дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарындағы санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен.

Бұдан бөлек, ораулы күйде сатылуы тиіс азық-түлік, нан-тоқаштардың беті ашық түрде еркін сатылуда, антисептиктері жоқ, шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.

Сонымен қатар, карантин талаптарын елемей, көп адамның бір жерде жиналуына жол беріп, той өткізген 30-ға жуық жеке тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметті облыс тұрғындары, карантин талаптарын қатаң сақтап, заңбұзушылықтарға жол бермейік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: