Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Изотерапия – психологиялық түзету әдісі

28.09.2023, 14:15 130


Изотерапия – танымал арт-терапия саласының бірі. Негізгі мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың ең ауыр психологиялық жарақаттарымен күресуге және қалыпты өмірге қайта оралуына көмек беру. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №60 мекемесінің психолог мамандары бұл әдісті психологиялық түзету кезінде қолданады.

«Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар көбіне депрессия мен алаңдаушылықтан құтылу үшін көмегімізге жүгінеді. Бұл азаматтармен қарым-қатынас кезінде бейнелеу өнеріне қатысты кез-келген бояулар, қарындаштар, пластилин, түрлі-түсті қағаз және т.б. қажетті құралдарды пайдаланамыз. Адам ішкі жан-дүниесінде болып жатқан жағдайдың барлығын сөзбен жеткізе алмай, бояу арқылы қағаз бетіне түсірген кезде бір жеңілдеу сезімі пайда болады. Осылайша қалыпты өмірге қайта оралу процессі жүзеге асады», – деді мекеме психологы Кульбаева Шынар.

Темір тордың арғы жағына тоғытылған азаматтың айтуынша өмірге деген жаңа көзқарас осы терапия арқылы пайда болған.

«Жас шағымда жалындап, өмірімді түрлі түске бояр шағымда жаза басып, қылмыстың өтеуін бас бостандығыммен өтеп жатқан мен үшін өмір мына киімім секілді сұр түске боялды. Әрі қарай тек қараңғылай түскен кезде мекеме мамандары әлі талай түрлі түс өміріме оралатынына көзімді жеткізді. Бастапқыда қолға қалам алып, түнерген тау-тасты сала бастадым. Уақыт өте жарық күнді, жарқырап өскен гүлді, ашық түстермен боялған табиғат пен жүзі күлімдеген отбасымды бейнеледім. Осылайша небір жаман ойлар мені мазалауын азайтты. Өмірге көзқарасым тек қана жақсы ойлармен құрала бастады», – дейді жазасын өтеуші.

Бұл әдіс тек бояулармен ғана емес, кейбір әдісте пассивті пішіндер де бар. Ол сызбалар мен басқа да өнер туындыларын қолдану арқылы өтеді. Оң нәтижесін бергендіктен изотерапияны мекеме психологтары жұмыс барысында жиі қолданады.

Адина Ұзақбай,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: