Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткі еккен қызылордалық азамат ұсталды

22.06.2020, 15:40 502

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 21 маусым күні «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласы Бірқазан елді мекенінің тұрғыны, 59 жастағы азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені анықталды.

Аталған дерек бойынша 300-бабының 2-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан атап өткендей: «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасының 20 күнінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталса, оның 27 дерегі – есірткі егіп-баптау және 2-еуі ірі мөлшерде есірткі сақтау дерегі».

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: