Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есептегі азаматтармен тренинг өтті

24.08.2020, 16:30 695

HALYQLINE.KZ Бүгін «Pro-bono» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Жалағаш аудандық пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және пробация есебіндегі азаматтар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жиынға қатысушыларға «Pro-bono» қоғамдық қорының өкілдері психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек түрлері бойынша кеңес беріп, есептегі азаматтар үшін тегін компьютерлік сауаттылық, компьютер жөндеу, ағаш ұстасы оқу курстары жөнінде мағлұмат берді.

Шара барысында дөңгелек үстелген қатысқан 16 азаматпен тренинг өткізіліп, пікірталас жүргізілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: