Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел алғысына бөленген Ерлан

01.03.2022, 9:30 358

HALYQLINE.KZ  Қазақта «Алтын алма, алғыс ал» деген тамаша сөз бар. Алғысты сұрап алмайды. Алғыс әр адамның жасаған іс-әрекеті мен төңірегіндегілермен қарым-қатынасына қарай айтылатын жылы сөз. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесі басшылығы мен қызметкерлеріне мекеме қамауында ұсталынып отырған азаматтардың туыстары тарапынан, жиі алғыс айтылып тұрады.

Соның ішінде әділет лейтенанты, Режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Ибраимов Ерлан Рахметуллаұлының атына айтылған алғыс толастар емес. Театрдың киім ілгіштен басталатынындай, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы жұмыс, мекеменің кіре берісіндегі Фронт-офистен басталады.

Осы офистегі алғашқы қызметті көрсететін Ерлан, келушілерді жылы жүзбен қарсы алып, азаматтарың сұрақтарын мұқият тыңдап, толық консултация береді. Одан соң, әр заңды өкілдер мен адвокат не тергеушілерді кезеккке тіркеп, кіру талондарын ұсынады. Кезек күту уақытында, күтушілер тарапынан ешқандай дау-дамайдың туындап кетпеуін қадағалайды. Кезекте түрған, жасы үлкендерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарап, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, жабық мекемеге сырттан келушілерді тінту, тексеру жұмысын да, жауапкешілікпен қадағалайды. Тінту барысында азаматтардың психологиялық жай-күйін бақылап, күдікті іс-әрекетін байқап, ішке алып өткізуге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуіне жол бермеу мақсатында бақылаушылармен бірге жұмыла жұмыс істеуде, қырағылық танытып келеді.

Нәтежиесінде, жыл басынан бері, ешқандайда тыйым салынған заттардың ішке алып, өту фактісі тіркелмеді.

– Тергеу қамауындағы ұлыма жиі сәлем-сауқат әкеліп тұрамын. Келген сайын №1 бақылап өткізу бекетінде жұмыс істейтін Ерлан атты қызметкердің өз міндетін тиісті дәрежеде орындайтынын байқадым.
Әрдайым келушілерге жылы қабақ танытып, сұрақтарына оң жауап беріп, жөн сілтеп отырады.
Істі болған жақындарының мәселесімен келіп-кетіп ішкі күйзелісте жүрген мен секілді туыстарының тарапынан кейде өктем, дөрекі сөздерде айтылып жатады.

Сондай сәттерде, өз сезімін, эмоцияларын басқарып, керісінше оларға ілтипаттылық танытып, түсінбеген, түйінді мәселесі бойынша тиісті шаралар қабылданатындығын айтып түсіндіреді.

Бұл қызметкерге барша аналардың атынан айтар алғысым мол, – деп, ақ батасын берді балдаққа сүйенген ана.

Иә, қызмет барысында азаматтармен дұрыс қарым-қатынас орната білген әділет лейтенантына, көпшілік тарапынан айтылып жатқан алғыстар, оның қоғам ортасындағы ҚАЖ қызметкері деген мәртебесін арттырып, беделін үстем ететіні анық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: