Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

03.08.2020, 9:05 286 0

HALYQLINE.KZ  Қазақстанда 2 тамыз күні таңертең денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды, деп хабарлайды centralasian.org

«Қаржы министрінің қаржылық мониторинг бойынша комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері тарапынан денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбшевтің бюджет ақшасын ұрлау фактісі бойынша ұсталғанын растайды», – деп мәлімдейді мекеменің баспасөз қызметі.

Онда сотқа дейінгі тергеу ісі мемлекеттік құпияға жататын болғандықтан жарияланбайтыны айтылған.

Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол денсаулық сақтау министрлігінің сандық жүйеге өту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берген.

Осыған дейін Коррупцияға қарсы қызметтің басшысы Әлік Шпекбаев «сандық жүйеге өту бойынша»» екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Бірақ аты-жөндерін атамаған-ды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілдеде елде коронавирустың кең таралуына жол бергені үшін барлық әкім мен министрлерге сөгіс жариялайтынын мәлімдеген.

Ол сол кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жетекшісі мен «СҚ-Фармации» басшысын қызметінен алуды тапсырған. Сол күні денсаулық сақтау министрі етіп Алексей Цойды тағайындаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: