Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасы жазаланды

28.04.2020, 15:08 661

HALYQLINE.KZ –| ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі онлайн жиын өткізді. Кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралды.

Бұл мәселенің кеңесте қаралуына облыстық прокуратураның ұсынысы негізі болған. Басқарма басшысының орынбасары мемлекеттік сатып алу конкурсының төрағасы ретінде медициналық жабдықтарды сатып алу барысында заңды тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, мемлекет қаржысын негізсіз жұмсауға әкеп соқтырған.

Тәртіптік істі қараған Кеңес мүшелері, бірауыздан, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін басқарма басшысының орынбасарына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын қолдануды ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: