Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын жалғастырды

27.07.2020, 14:10 692

 HALYQLINE.KZ  Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы бүгінгі күннің батырлары, ақ халатты абзал жандарға «Фудмастер» компаниясының өнімдерін табыстады. Пробация инспекторлары сақтық шараларын сақтай отырып, қазіргі әлем халқына қауіп төндірген коронавируспен күресіп жатқан, өзгелердің өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтып, қолдау көрсетті. Олар дәрігерлердің иммунетін нығайтуға арналған өнімдерді таратты.

«Медицина қызметкерлерінің еңбегі зор. Күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген, ақ халатты жандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресіп жатыр. Ел басына түскен қиын-қыстау сәтте дәрігерлерге қолдау көрсетіп, жылу сыйлап, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірге екенімізді жеткізгіміз келеді» – деді қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Ернияз Жеңіс.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: