Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бишімбаев қашып кетті». Құзырлы орган не дейді?

11.11.2024, 10:55 158

HALYQLINE.KZ

Әлеуметтік желіде «Қуандық Бишімбаев жазасын колонияда өтеп жатқан жоқ, қашып кеткен» деген қауесет тарады. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті түсініктеме берді.

«Ол қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр» деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі. ҚАЖК Бишімбаев нақты қай мекемеде екенін айтпаған.

«Осы жағдай туралы жалған ақпарат таратуға байланысты қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады» деді комитет.

Бұған дейін бірқатар ресейлік телеграм-арна Бишімбаев қашып кетіпті деген хабар таратқан еді.

7 қарашада AIRAN редакциясы YouTube-те жариялаған видеода Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатыр деген Ақмола облысы Аршалы ауылындағы колонияға барып, бұрынғы министрді таба алмағанын хабарлаған. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің Аршалыда емес екенін растаған. Журналистер Степногорск қаласындағы колонияға да барған, бірақ мекемеден жауап беруге ешкім шықпаған.

Дереккөз: Abai.kz

Фото:: Jogargy_sot

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: