Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біреудің көлігін айдап…

24.08.2020, 11:30 444

HALYQLINE.KZ 20 тамыз күні сағат 02:50 шамасында Қызылорда облысы ПД-нің Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үй ауласына қойылған «ВАЗ-2105» маркалы автокөлігін белгісіз азаматтардың заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 28 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: