Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім – қымбат қазына

06.09.2023, 14:55 157

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде сотталғандарға жалпы орта білім беру үшін кешкі мектеп жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда мекемеде жалпы орта білімі жоқ, отыз жасқа толмаған сотталғандардың орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылған.
Ал, отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектер жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады.

– Қабылдау аяқталғаннан кейін, мекеме қызметкері сотталғандарды оқуға қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Сабақ кестесі 45 минутқа жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталғаны, сотталғандардың білімге құштарлығы мектеп мұғалімдерін қуантуда, – дейді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Әбдімажитов Мағжан.

– Мектепке бір барып, бір бармай, бостандықта жүргенімде білім алуға салғырт қарадым. Әріп танып, санды қосып-алуды білсем болды деп келгендіктен бе, көшенің өмірі қызығырақ көрінетін. Сол қызығушылығым өзіме кесір болып келетінін білмеппін де. Енді өкінгеннен өзгерер ештеңе жоқ. Мекемеде әр күнімді төрт қабырғаға қараумен өткізбей, білім алуға шешім қабылдадым. Әрі қарай мекемедегі колледждердің біріне оқуға тапсырып, өндірістік аймақта жұмыс жасау арқылы мемлекетке қарызымды өтегім келеді, – дейді жазасын өтеуші.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі орта білімін растайтын құжат беріліп, оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу табелі жеке істерінде сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі.

Білімсіздік пен жұмыссыздықтың соңы қылмыс жасауға алып барады. Сол себепті түзеу мекемесінде білімін жетілдіру – сотталғандардың қоғамға тез бейімделуіне ықпал тигізері анық.

Адина Ұзақбай,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: