Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белсендіге қатысты іс тоқтатылды

01.06.2020, 15:05 465

HALYQLINE.KZ Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы уақытша қамау абақтысында қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық тергеудің қорытындысын жариялады.

«Ағаділдің өлімінің себептері мен қандай жағдайда қаза болғанын тәжірибелі сот-медицина сарапшылары мен жоғары категория кардилогтан тұратын комиссия жан-жақты зерттеді. Олардың арасында Ағаділдің туыстарының өтініші бойынша қатыстырылған сарапшылар да болды. Сарапшылар Ағаділ миокард инфарктісінен қайтыс болғанын анықтады… Сарапшылар Ағаділдің денесінен жарақат таппады. Осыған байланысты 25 мамыр күні Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылық оқиғасының жоқтығына байланысты тоқтатылды», – делінген қалалық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламады.

Астаналық белсенді Дулат Ағаділ 25 ақпанда Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болды. Марқұмды содан бір күн бұрын полицейлер үйінен алып кеткен. Белсендіні тұтқындау сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіге тарап кетті.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми мәліметінше, Дулат Ағаділ «жүрек талмасынан» көз жұмған. Кейін полиция қайтыс болған белсендінің алкогольдік ішімдікке масайған халде болғанын айтты. Алайда марқұмның әріптестері белсенді Ағаділдің ішімдік ішпейтінін айтты.

Осыдан кейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе секілді бірнеше қалада наразылық акциялары өтті.

26 ақпанда АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі Дулат Ағаділ қазасын ашық әрі мұқият тергеуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: