Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас үйітуге неге бейілміз?

23.07.2020, 14:25 542

Елдегі ең былығы көп сала – денсаулық сақтау саласы. Ащы да болса айтайық, шындық – осы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменінен кейін мұндағы берекесіздіктің беті ашылып жатыр. Төтенше жағдай жарияланғанда бетперде таппадық, одан қалды, дәрі-дәрмектің бағасы аспандап шыға келді. Дәріханалар алдында ұзын-сонар кезек, жаға жыртыс­қан жұрт. Осының барлығы денсаулық сақтау саласындағы жүйенің салғырттығын көрсетті.

Жайшылықта бюджет қаржысы желге ұшқандығы жөнінде жиі айтамыз. Қазіргі эпид­ахуалды ескере отырып, дәрігерлер  антына адал болса дейміз. Дегенмен, жемқорлық дегенің­із пандемияға да қарамайды екен. Мәселен­, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау­ бас­қармасы басшысының 2 орынбасары 10 өкпені жасанды желдету аппараттарының әрқайсысын 17,4 миллион теңгеден сатып алған.­ Аппараттар «СҚ-Фармация» ұсынған бағадан­ 3 есе жоғары бағаға алыныпты. Бұл туралы­ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты.

Өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев коронави­рус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Жиында президент дәрілік заттар мен меди­циналы­қ құрал-жабдықтарды сату бойынша құқықбұзушылықтарды анықтауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтқан еді. Сол кеңесте ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев осы кезге дейін ел көлемінде 18 мыңнан аса рейд жүр­гізілгенін  хабардар  етті.

– Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер орган­дары заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллион меди­циналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркіледі. Олар қымбат бағада сатылған. Сондай­-ақ, ішкі істер органдары дәрілік зат­тарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті.  Полицияға  284  адам  жеткізілді, оның 138 -і –  медицина  саласының  қызметкерлері, – деді Бас  полицей.

Ал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев елдегі эпидахуалдың күрделенуі шенеуніктердің жауапкершілігінің жоқтығы мен сыбайлас жемқорл­ық фактісімен байланыстырып отыр.

– Әлеуметтік  желілерді  мұқият бақылайтын  кез келген адам коронавирусқа байланысты жағдай­дың  күрделенуінің  басты  себептерінің  бірі – сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсы­здық  деп  санайды және менімен келіседі, – деді  Алик  Жатқамбайұлы.

Ресми ақпаратқа сенсек, пандемиямен күреске бөлінген қаржының ұрлануына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Айталық, Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі алаяқтық жолмен аса ірі көлемде мемлекеттік ақшаны  ұрлау  фактісі  бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлық­қа  қарсы іс-қимыл агенттігі 3 қылмыстық  істі  тергеуде.

Елдегі эпидахуалға қарамай, жемқорлыққа жол бергендер «көршісінің үйі өртеніп жат­қанда малының басын үйітіп алғысы келгендердің» әрекетіне ұқсайды. Біз бас үйітуге неге бейіл­міз?..

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: