Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала еңбегін қанауға жол берілмейді

12.06.2020, 13:10

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

«Бала құқығын қорғауға арналған республикалық акция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілуде. Биыл 12 күндік акция барысында жүргізілген рейдтік шарада қала және аудандардағы демалыс паркінде, орталық алаңда, көлік жуу орталықтарында, базарларда барлығы 264 нысан тексерілді. Онда талапқа қайшы келген 123 құқықбұзушылыққа хаттама толтырса, оның ішінде ішкі істер органдарына әртүрлі құқықбұзушылық жасағандары үшін 121 жасөспірім жеткізілді. Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 114 кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бала еңбегін заңсыз пайдалану, бала құқықтарының бұзылу фактілері жыл сайын болуда. Сол себептен де ата-аналарды балалардың түнгі уақытта жұмыс істегені үшін жауапкершілікке тарту шараларын күшейтуіміз қажет», – деді сала басшысы.

Оқу жылы аяқталысымен, жаз мезгілінде көптеген балалар өздігінше ақша табуды қалайды. Осыған байланысты, жұмыс берушілер мен ата-аналарға кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын сақтау маңызды.

Сонымен қатар, балалар еңбегін заңсыз пайдаланған не болмаса жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін фактілерге куә болған жағдайлар кездесетін болса, жуырда психологиялық қолдау орталықтары әр ауданда ашылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: