Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алимент төлеуден жалтарған 106 тұлға анықталды

06.01.2021, 9:15 482

HALYQLINE.KZ

Борышкерлерді, алимент төлеуден жалтарғандарды және туыстық қатынасын жоғалтқандарды анықтау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөліністерімен бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 12 айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерімен алимент төлеуден жалтарған 126 тұлғаға іздеу жарияланып, оның 106-сы анықталып, іздестіру істері өндірістен тоқтатылды. Ал, мемлекетке борышкер 33 тұлғаға іздеу жарияланса, оның 30-ының мекенжайы анықталды.

Мәселен, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімімен 2017 жылы іздеу жарияланған 2 тұлға, 2018 жылы іздестіру ісі арналған 4 тұлға анықталды. Ал, 2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда ҚПБ көші-қон қызметі бөлімімен іздеуде жүрген бір азамат Алматы қаласынан, бір азамат Нұр-Сұлтан қаласынан анықталды.

Көрнекі коллаж

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: