Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айдаладағы қуғын

20.08.2020, 10:55 360

HALYQLINE.KZ

Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекарасында тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған есірткі саудагерлерін ұстау үшін арнайы операция жүргізілді. Полиция олардың ізіне тікұшақпен түскен, деп хабарлайды Polisia.kz сайты

 Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және ІІМ-нің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде, Қызылорда қаласынан 320 шақырым қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жерасты үңгірлерін анықтаған.

Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі “Тойота Ланд Крузер” жол талғамайтын көліктерін байқады, олар қатты жылдамдықпен жүріп жасырынбақшы болыпты.

Олар полиция қызметкерлерінің тоқтату талаптарын тыңдамаған. Автокөліктің соңына түскен қызметкерлер оны тоқтату үшін ескерту оғын және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атқан. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік қозғалысын тоқтатты.

Тәртіп сақшылары үш жергілікті тұрғынды ұстаған. Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Оның өміріне қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Аталған жерде Қызылорда облысының Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, операция басталғалы барлығы 430 есірткі қылмысы, оның ішінде 178 факт – құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, 153 өткізу фактісін, 83 сақтау фактісін және  есірткі контрабандасының бес фактісін анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы 9 тонна есірткі алынған.

Кадр видеодан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: