Мәйіт бірнеше күнге созылған іздеу жұмысынан кейін табылған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаралы жағдай Алматы облысының Ұйғыр ауданында 27 мамыр күні тіркелді. Марқұмның туыстары оның 3 әріптесімен демалыс орнына барғанын, сол аумақта тірідей көмілгенін жазады.
Алдын ала мәліметтерге сенсек, алкогольдік ішімдік ішкен ер адамдар арасында жанжал, содан соң төбелес туындаған. Марқұмды әуелі соққыға жығып, артынша денесін жақын маңға көміп, қылмысты жасыруға әрекет еткен.
Осы күні Алматы облысында 2 күдікті анықталып, қолға түскен. Адам өлтіру және қылмысты жасыру бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
– 27 мамыр күні Ұйғыр ауданының полициясына бір әйел адам жүгінді. Ол 29 жастағы ұлының жұмысына кетіп, содан кейін байланысқа шықпағанын айтып арызданған. Шұғыл түрде іздеу және жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Жоғалған ер адамның денесі жұмыс орны демалыс аймағының маңынан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, спирттік ішімдіктер ішкеннен кейін ер адам мен оның әріптестері арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Адам өлтіру және қылмысты жасыру фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!