Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлі табылмады…

26.02.2020, 14:33 396

15 ақпан күні азаматша Ж-дан өзінің күйеуі Тынымбай Баженовтың белгісіз бағытқа шығып осы уақытқа дейін үйіне оралмағаны жайлы арызы Қызылорда ҚПБ тіркелді.

Арыз тіркелгеннен бастап полиция органдарымен іздестіру жұмыстары басталып арнайы топ құрылды. Топпен түрлі версиялар қарастырылып іздестіру шұғыл іс-шаралары жүргізілуде.

Сонымен бірге іздестіру жұмыстарына 17 ақпаннан бері Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері қосылды. Сырдария өзенінде іздестіру жұмыстары да әлі жалғасуда.

24 ақпан күні облыстық прокуратура және полиция департаменті басшыларымен осы мәселеге байланысты арнайы жиналыс өткізілді.

Баженовтың белгісіз бағытқа жоғалып кетуіне байланысты 24 ақпанда кісі өлімі жөніндегі сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі облыстық прокуратураның нұсқауына сәйкес ҚР ҚК 99 бабымен (кісі өлтіру) сараланды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Қалған мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Қылмыстық іс облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер басқармасы басшыларының қатаң бақылауында.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: