Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдерге тықыр таянды

02.04.2020, 10:26 1010

«Халықтың» коллажы

Жалағаш кентіндегі Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің шатырын жөндеуге бақанд­ай 7 млн теңге бөлініп, ақыры бұл шаруан­ың шеті шуға ұласты. Нақтырақ айтқан­да, сол құрылыс жұмыстарының басы-қасы­нда  болған  Жалағаш кентінің әкімі Ғалымжан Телібаевтың тәртібі бір ай бұрын облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, шара қолданылған  еді.

– Ғалымжан Қуанышұлы мердігер компанияға артықшылық көрсетіп, жұмыс бітпесе де ақша аударғаны үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі турал­ы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызмет­ке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін кент әкіміне «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсыну жөнінде шешім етті. Бұл жағдай лауазымды тұлғаға алдағы уақытта сабақ болады­ деп ойлаймын, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда об­лысы бойынша департаменті басшысының орынбасары  Берікбол  Байхожаев.

Әнеугүні өңірде қатты жел тұрып, 7 млн теңге жұмсалған жұмыстың «бетпердесін» шешіп берді. Кінә қағылған шегеден бе, әлде сол жұмысты шегелеуі тиіс шенеуніктің шикіл­ігінен бе, әйтеуір жап-жаңа шатырдың күл-талқаны шықты да қалды. Абырой бол­ғанд­а адам шығыны жоқ. Айтпақшы, сол шатырдың салынғанына небәрі екі ай ғана өтті.

Бүгінгі таңда құзырлы орган мемлекеттік сатып алу жұмыстарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары саланың біріне санап отыр.

Жалағаш аудандық прокуратурасының хабарлауынша, жергілікті кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан бюджеттік қаражатты негізсіз аудару, мүгедектер құрған ұйымдардан тиісті тауарлар мен қызметтерді сатып алмау және басқа да заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталған. Құзырлы орган оған дәлел ретінде Жалағаш кентінің әкімі Ғ.Т. аудандық мәдениет үйінің шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстары шарт бо­йынша белгіленген мерзімде аяқталмаса да, мердігер мекемеге 7,1 млн теңгені негізсіз аударғанын, сонымен бірге мердігерді мемлекеттік қызметке жосықсыз қатысушы ретін­де тану үшін сотқа жүгінбей, тұрақ­сыздық айыбын өндірмегенін мысалға келтіреді.­

– Осыдан бөлек кент әкімі Ғ.Т.-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек­сінің 207-бабының 10-бөлігіне сәйкес әкім­шілік жауаптылыққа тартылуы, мердігерден 232000 теңге  тұрақсыздық  айыбы  бюджетке­ өндірілуі  қамтамасыз  етілді, – дейді аудандық  прокуратура  таратқан  хабарламада.

Одан бөлек, талдау қорытындысымен енгізіл­ген прокурорлық қадағалау актілері бойынша 5 ауылдық округ әкімдері және 8 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тар­тылған.

(Қызылорда  облыстық  прокуратурасының

ұсынған  ақпараты  негізінде  әзірленді.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: