Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әкемнің қызметін жалғау – маған мақтаныш»

23.06.2020, 16:15 927

HALYQLINE.KZ Тарих деген – ел тағдыры десек, сол елі мен жері, келешек ұрпағының бақыты, бостандығы үшін күрескен, халқының басына түскен тауқыметті қайыспай көтерген батырларын танып-білу бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Бұл дегеніміз тек соғыс жылдарының батырларын ғана емес, бейбіт күнде қоғам үшін өз қызметі шегінде өмірін қиған азаматтарды да білу, тану. Мұндай азаматтарымыздың көбі құқық қорғау қызметінде екені баршаңызға аян.

Қоғам тыныштығын күзетіп, көше тәртібін қадағалап жүрген сақшылар күрделі жағдайлармен күн сайын бетпе-бет келеді. Күрделі жағдайлар еліміздің әуе және теміржол нысандарында да болады. Аталған нысандарда қызмет бабында жүріп, өз өмірін қауіпке тігіп, бүгінгі күні артында тек ерең ерлігі мен ұрпақтары ғана қалған сақшыларымыз қаншама?!

Әмзеұлы Мұратбек Өмірбеков, Қызылорда станциясындағы Желілік милиция (қазіргі полиция) қызметкері милиция аға лейтенанты.

Мұратбек Өмірбеков – поезда жүрген қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапқан бейбіт күннің батыры. Ол 1992 жылы 22 ақпанда «Москва-Ташкент» поезының арнайы вагонында этаппен айдалып бара жатқан аса қауіпті алты қылмыскерд, өздерін алып келе жатқан айдауыл жасақтарын жаралап, келесі станциядан түсіп қалып, қашады. Қарақшылардың ізіне түскен Мұратбек Өмірбеков екеуін залалсыздандырып, айқас үстінде кезінде қылмыскер қолынан қаза табады.

Бейбіт күннің батыры атанған азаматтың ерлігі еленбей қалмады. 1996 жылы 9 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен милиция аға лейтенанты II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

«Батырдан батыр туса елге игі». Бүгінгі күні Мұратбек Әмзеұлының ұлы Ренат Өмірбеков те Көлік полициясында қызмет атқарады. Атап айтсақ, Шиелі станциясын Желілік полиция бөлімшесінде әке жолын жалғауда. Ренат бұл қызметін мақтаныш санайды. Бүгінде ол – Шиелі станциясындағы Желілік полиция бөлімшесі патрульдік полиция тобының сақшысы. Осы салада қызмет жасап келе жатқанына 12 жылдай уақыт болған. Қазір өзгеге үлгі боларлық тәжірбиелі полицей.

«Менің әкем де полицей болды. Жай ғана полицей емес, қызметіне адал жан болды. Ол ерлікпен қызмет бабында қайтыс болды. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Қайда жүрсек те, ұлықтап жүреміз. Мен де осы саланы әке жолымен жалғап келемін. Абыройлы сақшы болу менің де арманым» – дейді Өмірбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: