Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2021 жылы 25 заң жобасы әзірленеді

22.12.2020, 16:15 1779

HALYQLINE.KZ ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2021 жылға арналған Жоспар жобасы қаралды. Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасап, Үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары толық орындалғанын – 22 заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

2021 жылға арналған жоспар 25 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның ішінде 6 заң жобасы мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайды. Бұл – сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және биржалық сауданы дамыту мәселелері жөніндегі заң жобалары. 2021 жылдың жоспарына геодезия, биологиялық қауіпсіздік, әскери полиция және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 4 жаңа заң жобасы енгізілді.

«Министрлер заң жобаларының сапалы дайындалуын және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет», – деді А.Мамин Үкіметтің селекторлық жиынында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: