Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Заманбек Нұрқаділов құпия құжаттарды шетелге жасырып қойған» – Қ.Құрманәлі

01.04.2024, 11:10 224

HALYQLINE.KZ

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің құпия хаттары мен құжаттары туралы айтты.

«Нұрқаділов бірнеше хат берген. Хаттың ішінде не жазылғаны осы күнге дейін жұмбақ. Бір хатты Асанәлі Әшімовке берді. Сырты жабылған. Қара фламастермен өз қолымен әрі хатқа «Асанәлі Әшімовке», «Мұхтар Шахановқа», «Амалбек Тшановқа» деп жазған. Ашуға болмайды. Сонда не жазылғанын білмеймін. Шаханов маған хатты аша бер деген. Мен «жоқ, жабылған нәрсені аша алмаймын» дедім», – деді композитор.

Сонымен қатар, Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділов шетелге құжаттарды өзі апарып, жасырып қойғанын айтты.

«Шетелде құпия материалдар салынған жәшік бар. Оны ашатын құпия нөмірлерді Зәкең ғана біледі. Пәлен жыл сақталып тұрады», – деді композитор.

Фото: kaz.orda.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: