Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлыққа» дат!

25.06.2021, 8:55 473

HALYQLINE.KZ

Кабинетің жайлы ма,

Ат-көлігің сайлы ма?!

Құлағыңа жете ме,

Еліңдегі жай мына.

Баға кетті аспандап,

Тұнжырайды қас-қабақ.

Күрсініп тұр қараша,

Шайқатылып бастан бақ.

Атың өшкір, несие,

Алды екен несіне?!

Сәл кідірсе төлемі,

Жаудай талар өшіге.

Жанға батар өсімі,

Банкінің заң шешімі.

Кесім айтып кесірлі,

Аяу білмей есірді.

Әз анамыз бағалы,

Неге ұмыт қалады?!

Қалжырған қарт әжең,

Қалай бала бағады?!

Дәрмен қашып денеден,

Сәл қимылды елеген.

Зейнет жасын ұзартып,

Қатігезбіз, не деген?!

Қең даламыз қуарған,

Бабам қанмен суарған.

Шалқып жатқан кешегі,

Арман болды Сыр арнам.

Айтып-айтпай, не керек?!

Ұлығымыз жүр бөлек.

Сол жартасым баяғы,

Жатыр бізді кім елеп?!

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: