Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үшінші күштерге» мемлекет ішінде «қайықты шайқалтуға» жол беруге болмайды

14.03.2022, 9:00 202

HALYQLINE.KZ

«Қайта құру» кезеңінде қант, темекі, азық-түліктердің дүкен сөрелерінен жоғалып кеткені белгілі.

Темекі үшін мыңдаған адам қатысқан митингілер болған.

Сол кезде темекі, қант, басқа қажетті товарлар қойма, теміржол тұрақтарында лықа толып тұрған деген ақпарат бар.

Яғни, жетіспеушілік қолдан жасалған.

Дәл қазір, дүниедегі турбуленттілікке байланысты Қазақстанда экономикалық жағдай күрделіленіп отыр.

Ресейдің экономикалық жағдайы төмендеп барады.

Ресей ішінде көптеген жаппай тұтынатын товарларды сатуға шек қойып отыр.

Көрші елдің облыстарынан азаматтар бізге келіп магазиннен азық-түлікті «сыпырып» жатыр.

Біздің елге келіп, долларды жаппай сатып алу әрекеттері де жоқ емес.

Мемлекет өзіміздің ұлттық экономикалық мүдделерімізді қорғау, халқымыздың қажетті товарларға қолжетімдігін сақтау үшін нақты қадамдар жасауы қажет.

Қазақстан ішінде ажиотаж, дефицит туғызып, халықтың наразылығын туғызу фактілері де болуы мүмкін.

Реваншистік топтар осыны пайдаланып, Қазақстанды «шайқалту» әрекеттерін жасауы ықтимал.

Қазақстан мемлекетіне қарсы әрекеттер жасау толастаған жоқ!

Қанттың «дефициті» қолдан жасалуы ықтимал.

Бұл мәселені құқық қорғау органдары мұқият тексеруі тиіс!

Сонымен бірге, Үкімет бағаны ұстап тұру, халық жаппай тұтынатын товарлардың қорын жасау мәселесін шұғыл шешуі керек.

Керек болса, халқымыздың біразына «азық-түлік субсидиясы» мен «тегін корзиналар» таратуды да ойластыру керек.

Қазір еліміздегі тұрақтылық пен ықпалдастықты сақтау керек.

Бүгінгі ең басты мәселе тұрақтылықты сақтай отырып, «үшінші күштерге» мемлекет ішінде «қайықты шайқалтуға» жол беруге болмайды.

Ерлан  САИРОВ.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: