Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш өңірде ескерту жарияланды

08.05.2020, 17:07 216 0

HALYQLINE.KZ –| 9 мамыр күні ауа райының құбылуына байланысты Қазақстанның үш өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

9 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қаласында 9 мамырда жел шығыстан соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 9 мамырда Жезқазғанда жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ал 9 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз күн күркіреген кезде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оралда 9 мамырда кешке найзағай жақылдауы ықтимал.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: