Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үрейленуге негіз жоқ

09.04.2020, 20:04 418

Барша адамзат басына қауіп төндіріп тұрған нәубет – қатерлі індеттің зардабынан құтылу үшін еліміз барлық шектеу шараларын қолға алды. Бұл ұлт саулығы мен халықтың амандығын бағалайтын Үкіметтің амал-тәсілі деп білеміз.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы өз үндеуінде осындай сындарлы сәтте сыр бермей, тәртіпке бағынып, тұрғындарды қабылданып жатқан шешімдерге түсіністікпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ, халықтың көңілі елең-алаң боп тұрған шақта ел арасына іріткі салушылар мен негізсіз үрей туғызушылардан сақ болуды сұрады.

«Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ» – деп, халқын сабырға үндейді.

Шындығында, Елбасы атап өткендей, Ұлттық қордағы қазынамыз елдің еңсесін тік ұстауына мүмкіндік береді.

Дүниежүзін шарлаған індет біздің елімізді де дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Сол себепті осы қиындықтармен бірлесе күресуіміз қажет екендігін алға тартты. Елдегі зиялы қауым өкілдерін, кәсіпкерлерді ізгі амалдар жасауға үндеді.

Бұл ретте, аймақ кәсіпкерлері мен ел ағаларының, тіпті жас буынның ауыз толтырып айтарлықтай игі істері мақтауға тұрарлық. Түрлі бағыттағы бастамаларға қалалық мәслихаттың депутаттық корпусы да өз үлестерін қосуда.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бұл қиындықты да ел болып еңсеретінімізге сенім мол.

Қ.ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

Қызылорда қалалық мәслихат депутаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: