Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тынығу лагерінің жұмысымен танысты

18.07.2026, 9:25 24

Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары аясында Құттықожа елді мекеніндегі «Тау самалы» тынығу лагерінде болып, жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыс барысы және материалдық — техникалық базасымен танысты.

Аудан басшысы тиісті сала орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы мен лагерь директорына ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жазғы тынығу маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыруды және лагерьдің санитарлық тазалық талаптарының сақталуына айрықша мән беруді тапсырды.

Ауданда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын «Тау самалы» тынығу лагері мен облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы жұмыс жасайды.

Биыл «Тау самалы» тынығу лагерінде 75 баладан 8 ауысым ұйымдастырылып, жалпы 600 баланы қамту жоспарланған. Ал облыстық орталықта 300 баладан 7 ауысым өткізіліп, 2100 баланы жазғы демалыспен қамту көзделуде.

Балаларға бес мезгіл ыстық тамақ беріледі. Олардың уақытын көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, демалушылардың денсаулығын бақылау мақсатында арнайы медицина қызметкерлері тұрақты қызмет көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: