Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістан туралы жаңа деректі фильм жарық көрді

20.05.2021, 13:00 1933

«Рухани жаңғыру» мақаласын жаңа форматта жүзеге асырып жатқан Түркістан қаласындағы рухани-мәдени өзгерістер мен қаланың жаңа келбетін көрсететін «Жаңаша жаңғыру» атты деректі фильм көрермендерге жол тартты. Фильмді YouTube видеохостингінен көре аласыздар.

Ел назарын аударған бүгінгі Түркістан – көне мен жаңаның, ескілік пен заманауилықтың айшықты үйлесімінің көрінісі. Тарихы ғасырлар топырағының тереңіне көмілген Түркістан шаһарының қазіргі келбеті көрген адамның көз жауын алып, таңдайын қақтыратындай тамаша түрге енген. Егемен елімізді әлемдегі озық елдердің қатарына кіргізу үшін мемлекетімізде жаңару мен жаңғыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Ал Түркістан қаласы өзінің тарихи-мәдени маңызын сақтай отырып, заман көшіне ілесіп, жаңа форматта жаңғырып келеді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Елбасымыз қасиетті Түркістан қаласына бірнеше рет сапарлап келді. Бұл шаһарға деген Елбасымыздың көңілі бөлек, назары дара. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 2018 жылғы 19 маусым күні үлкен саяси қадам жасап, Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Міне, осы тарихи сәттен бастап, киелі Түркістанның жаңа жұлдызы туды.

Тарихтың сара жолынан жаңғыру мен жаңарудың жаңа жолына түскен Түркістанның бүгінгі келбеті – осындай. Жаңа Түркістанның күн өткен сайын көркейіп, жыл өткен сайын жаңғыра беретіні сөзсіз.

Дәулет САҒИТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: