Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдайдан кейін қандай жер жұмыс істемейді?

01.05.2020, 18:28 697

HALYQLINE.KZ –| «Президент төтенше жағдайдан кейін де жабық күйде қалатын нысандарды атады» деп хабарлайды LS сайты. 

Тоқаевтың айтуынша, карантинді жартылай жеңілдету шараларын қабылдау әдеттегі өмір салтына қайта оралу емес. Сондықтан, ТЖ-дан кейін де көпшілік жиналатын бірқатар орындар жұмыс істемейді.

«Сауда, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, саябақтар және басқа да көпшілік жиналатын орындар жабық болады. Сондай-ақ, университеттерде, колледждер мен мектептерде қашықтан оқыту жүйесі қалады», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев 11 мамырда жаңа төтенше жағдай туындамаса, Қазақстанда төтенше жағдай аяқталады деп мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда 12 наурызда сауда-ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрларды уақытша жабылған болатын. Ал,13 наурыздан бастап көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: