Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз жаудан тұрғындарды аман алып қалды

21.04.2020, 9:10 345

HALYQLINE.KZ –| 19 сәуір күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы полиция лейтенанты Нұрлан Қарлыбаев және ҚР ІІМ-нің №5547 Ұлттық ұлан сарбаздары қатардағы Кирилл Лосицкий мен Нияз Дәулет қызмет атқару барысында Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы балконнан қалың түтінді байқайды.

Олар шұғыл қызметке хабарлап, дереу пәтерге кіріп, тұрғындарды балаларымен бірге қауіпсіз жерге шығарады.

Сонан соң, өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндіруге кірісті. Полиция қызметкерлері мен сарбаздардың жедел шешім қабылдауының арқасында өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Үй тұрғындары болса, ойланбастан көмекке келіп, оларды аман алып қалған тәртіп сақшылары мен сарбаздарға алғыстын жаудырды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: