Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілдер мерекесінде шен таққан мамандар сайыс жүлдегері болды

08.09.2026, 16:55 25

Тілдер мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласындағы Достық үйінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, көптілділікті насихаттау және қызметкерлердің тілдік білімін жетілдіру мақсатында «Полиглот» тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Аталған сайысқа әр мекемеден бір-бір қатысушыдан қатысып, өздерінің тіл білу деңгейі мен білімдерін ортаға салды. Байқауға ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау тобының инспекторы, әділет лейтенанты Дүйсенова Ақмарал Кеңесқызы қатысып, мекеме намысын қорғады.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушыларға түрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, олар сұрақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді. Сонымен қатар, заманауи технологияларды тиімді пайдалану мақсатында сайыстың кейбір тапсырмалары жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен әзірленіп, қатысушылардың шапшаңдығы, тапқырлығы мен тілдік сауаттылығы сыналды.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және үш тілді еркін меңгеру деңгейлерін көрсетті. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушылар арасында қызу бәсекелестік байқалды.

Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға лайықты орындары табысталып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді. №68 мекемесінің намысын қорғаған Дүйсенова Ақмарал Кеңесқызы да белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат пен сыйлықтардың иегері атанды.

Осындай тағылымды шаралар қызметкерлердің тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік тілді құрметтеуге, көптілділікті дамытуға және заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: