Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мені цифрландыру мәселесі қызықтырады

15.10.2020, 10:35 698 0

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының Жолдауын жақын болашақтағы ел дамуының стратегиялық бағыттарын білдіретін бағдарламалық саяси және құқықтық құжат деп түсінеміз. Әр Жолдау саяси, экономикалық, идеологиялық сипаттағы бастамаларды, Үкіметтің ел игілігі үшін жасалатын жұмысына қатысты нақты ұсыныстарды қамтиды. Дүниежүзілік тарихтан білетініміздей, мемлекет басшысының Жолдауы биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара іс-қимылының тарихи қалыптасқан қоғаммен байланыс құралы болып табылады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауы әрбір жастар үшін де маңызды оқиға. Әрбір Жолдауда еліміздің жастарына ерекше мән беріледі. Тәуелсіздік жылдарында еліміз тұрақтылық пен әлемдік аренада беделге ие болды. Жастар алдында Тәуелсіздік жетістіктерін нығайту және арттыру міндеті тұр. Бүгінгі жастар мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға мүдделі болуы керек. Өйткені, саяси құжатта мемлекетіміздің дамуындағы негізгі бағыттар айтылады және жастар оларды іске асыруға әрдайым дайын болуы тиіс деп ойлаймыз.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқитын студент ретінде мені цифрландыру мәселесі қызықтырады. Цифрландыру түсінігі ұқсас ресурстарды сандық немесе ақпаратқа ауыстыруға қарағанда, өзгертуді сипаттау үшін қолданылады. Мәселен, студенттер пайдаланып жүрген оқулықтар электронды кітаптарға айналып қана қоймай, интерактивті және мультимедиялық тәжірибелердің толық жиынтығына айналады деген ой бар.

Жолдауда цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керектігі туралы айтылды. Бұл мәселе қашықтан оқып жатқан мектеп оқушылары мен студенттер үшін маңызды. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуы тапсырылды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына интернет жүргізілетін болды.

Президенттің бастамаларын іске асыру кәсіби дағдының өсуіне және жас мамандарды тиімді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда жастарға ғылыммен айналысуға, өз бизнесін ашуға, жаңа жобалар мен бастамаларды әзірлеуге және ұсынуға үлкен мүмкіндіктер мен шарттар жасалған. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша гранттар бөлініп жатқанын жиі естиміз. Сондықтан жастар осы мақсаттарды іске асыруға белсенді түрде қатысуы тиіс.

Нұрай  ЖҰМАДІЛДА,

Қызылорда  «Болашақ»  университетінің  студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: