Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт

26.10.2022, 12:30 560

HALYQLINE.KZ Цифрлік сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық – бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.

Осы мақсатта EGOV.KZ порталы мен eGov mobile қосымшасымен жұмыс жасау бойынша Б. Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде 10-11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүрді. Цифрландыру күніне орай өткен іс-шараға Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Камбозұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Нұржан Қалдыбекұлы, Қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы қатысты.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: