Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Таза  бала

26.09.2026, 7:00 37

HALYQLINE.KZ

Автобуста көзілдірікті қалақтай бала ұшып тұрып орын берді. 4-5-сыныптың оқушысы секілді.

Терезе жаққа чехолға салынған домбырасын сүйеп қойыпты. «Сенікі ме?» деп едім, басын изеді.

— Әкел сөмкеңді, алдыма алып отырайын, — деп бері тартып едім, бермей қойды.

— Мына жерде тұра берсін, — деді аяқ тұсыма қойып жатып.

— Үйй, мына жер лас, асты кір болады сөмкеңнің, — дегеніме:

— Жоқ, апай, сізге ауыр болады ұстап отырғаныңызға. Үйге барғасын астын салфеткамен сүртіп қоямын, — деді.

Шынымен ұқыпты бала екені көрініп тұр, киімі де тап-тұйнақтай. Ойы да сондай екен, жинақы. Таза бала.

Адам өмірге таза болып келеді. Сәби — балдырған (бүлдіршін) — бозбала (қыз) — жігіт (бойжеткен) — әке (ана) — ата (әже) баспалдағынан өтеді. Осы шақтардың қай кезеңінде тазалыққа дақ түсіріп алып жүрміз?..

Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

Алматы  қаласы

Көрнекі  фото:  newsroom.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: