Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарихтан тағылым – бейбітшілікке тағзым

28.08.2026, 16:00 47

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал ауданында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Тарихтан тағылым – бейбітшілікке тағзым» атты тағылымды іс-шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара қаладағы №220 орта мектеп жанындағы ескерткіш алаңда ұйымдастырылып, оған ардагерлер, зиялы қауым, қоғамдық ұйым мүшелері, мектеп ұжымы және аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында Семей ядролық сынақ полигонының зардабынан өмірден өткен азаматтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.

Дүниеден өткен азаматтардың рухына аудандық орталық мешіттің бас имамы Ә.Мырзағалиев Құран бағыштап, дұға жасады.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев сөз сөйлеп, Семей полигонының жабылуы – халқымыздың ядролық қаруға қарсы азаматтық үнінің, ел бірлігінің және бейбітшілікке деген ұмтылысының тарихи нәтижесі екенін атап өтті.

Іс-шара соңында Семей полигонының зардабынан өмірден өткен азаматтардың рухына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: