Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ел қорғаны – ер Жәкем»

10.01.2024, 8:40 221

HALYQLINE.KZ

«Арықбалық  шайқасына»   167 жыл

«1857 жылы қаңтар айының 9-10-ы күндері Арықбалықта болған ұрыста батырдың қолының саны үш мыңнан астам еді. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды». (Молдахмет Қаназдың «Жанқожа Нұрмұхамедұлы» атты зерттеулер мен мақалалардан құралған кітапбының 59-беті).

Бүгін «Арықбалық шайқасының» өткеніне 167 жыл толды. Осынау ұлы оқиғаға орай Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕР ЖӘКЕМ» атты таным сағаты өткізілді. Таным сағаты «Арықбалық шайқасында» құрбан болған батыр бабаларымыздың аруағына құран бағыштаумен басталып, бір минут үнсіздік жарияланды. Таным сағатына ауыл әкімі Мәулен Қайруллаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожас Медеубай, №94 мектеп директоры Әділхан Садиров, қоғамдастық мүшесі Думан Төкешов, әйелдер кеңесінің төрайымы Сәнімкүл Ерімбет және мекеме қызметкерлері қатысты. Ауылдық округ әкімі Мәулен Қайруллаев ұрпағының жарқын ғұмыры үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың есімдері мәңгі ұрпақ жадында сақталатынын жеткізді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожас Медеубай ағамыз бабаларымыздың ерлікке толы ғибратты ғұмыры туралы әңгіме шертті. Қоғамдастық мүшесі Думан Төкешов ағымдағы жыл халық батыры, әулие, ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмірге келгеніне 250 жыл толатындығын, осынау оқиғаны кең көлемде атап өту керектігін айтты. Іс-шара соңында ауыл ақсақалы Қожас ағамыз жиналғандарға бата беріп, батыр бабамыздың 250 жылдығына ұйымдастырылатын ұлағатты іс-шараларға сәттілік тіледі.

Айта кетерлігі, ауылдық мәдениет үйінде батыр әрі әулие Жанқожа Нұрмұхаммедұлының дүниеге келуіне 250 жыл толуына орай наурыз айында «Арықбалық шайқасы» атты театрландырылған қойылым, тамызда аудандық суретшілер байқауы және аудандық драма үйірмелерінің байқауын өткізу жоспарға енгізіліп, бекітілді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: