Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1726 жылғы бүкілхалықтық Құрылтай қай жерде өтті?

06.04.2023, 9:40 955

1726 жылғы бүкілхалықтық Құрылтай Арал маңындағы  Қарақұмда  болған  деген   пікірлер:

Бірінші, соңғы деректер бойынша, бір топ қазақ ғалымының «Аныракайский треугольник: Историко-географический ареал и хроника Великого сражение» (Алматы, 2008) атты зерттеуінде: «Захват джунгарами территории Южного Казахстана, где располагались зимние кочевья всех трех жузов, официальная резиденция казахских ханов г. Туркестан, а также важные объекты военно-политической, торгово-экономической (укрепленные города) и духовной (мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави и прочие мусульманские святыни) инфраструктуры Казахского ханства, послужил мощным толчком для роста этнического самосознания казахского народа и интенсивного развития интеграционных тенденций в кочевом об­ществе. В 1726 или 1727 г. на одном из тра­диционных курултаев кочевой знати и народных представителей трех жузов, состоявшемся предположительно в Приаральских Каракумах, казахские ханы, султаны и батыры приняли общее решение организовать единое ополчение против джунгар и избрали хана Младшего жуза Абулхаира (1710-1748) верховным командующим всех воинских сил казахов. В течение последующих  четырех  лет,  с  1727  по  май-ию­нь 1730 г., объединенное казахское ополчение под предводительством хана Абулхаира переш­ло в решительное наступление на противника, и навязало джунгарским «карауль­ными войском, повсеместно расквартированным на завоеванной территории казахов, целый ряд крупные сражений в разных географических пунктах: южных отрогах Улытауских гор, пустыне Бетпакдала, долине р. Шидерты, предгорной равнине Кыргызского хребта, на юго-западном побережье Балхаша и в районе Чу-Илийских  гор….

Известно, что в ходе этой наступательной эпопей боевые отряды казахских баты­ров нанесли в начале 1730 г. серьезные порожения джунгарам на юго-западном побережье оз. Балхаш вблизи горьео-соленого  озера Итишпес-Алаколь, а затем к юго-востоку от него в урочище Аныракай. В результате этого к весне 1730 г. казахи смогли вытеснить ойра­тов с территории Юго-Западного Прибалхашья и долины  нижнего  течения  рек  Чу  и  Талас…

Однако в дальнейшем казахские боевые отря­ды не смогли продолжить свое победоносное продвижение в глубь ойратских кочевий ввиду резкого обострения военных конфликтов казахов Младшего и Среднего жузов с российскими подданными – волжскими калмыками и башкирами – из-за водных источников и пастбищных мест. По этой причине Абулхаир пришлось спешно заключить с Галдан-Цэреном  мирный  договор и затем в апреле-мае 1730 г. вместе  с  ханом  Среднего жуза Семеке «1723/24 – 1737/38) откечевать с территории Жетысу на северо-запад и север Казахстана. В июне того же года хан Абулхаир направил в Петербург к императице Анне Ионновне свое письменное прошение о принятии его с подвластным народом в российское подданство, которое получило заинтересованное одобрение у царского правительства. Результатом этого обращения явилось официальное вступление в 1731 г. ханов Абулхаир и Семеке вместе с поддерживавшими их султанами, старшинами и батырами под протекторат российского прес­тола [53]. В течение последующих десяти лет их примеру последовали другие ханы и султаны Младшего и Среднего жузов (Абулмамбет, Абылай, Барак и проч.), что положило начало сложному и долговременному процессу присоединения казахских жузов к России», – деп ғалымдар осындай тұжырым жасайды (Аныракайский треугольник. Алматы, 2008. Глава 1. «Динамика противоборства». 23, 24-б). [53] – Ерофеева И. Хан Абулхаир. 181-192-б)

Екінші, М.Тынышпаев: «В освободительной войне 1725-1726 годов алчыны сыграли выдающуюся роль; это видно из того, что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир. Но в разгар победоносного шествия в сердце Джунгарии киргизские ханы рассорились до того, что Абулхаир во главе своей Младшей Орды и Саме­ке  с  кыпчаками, найманами и частью аргынов ушли к русской границе, и там приняли русское подданство», – деп Кіші жүз Алшын тайпаларының арқасында жоңғарларды жеңге­нін келтіреді (История казахского народа. Алматы, 2002, 102-б). Ол Ордабасыда Құрылтай болған деп айтпағанымен, 1725-1726 жылдары Кіші жүз жауынгерлерінің арқасында жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берілгенін  қадап  тұрып  жазады.

Үшінші,  Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» (1998 ж) дастанында 1726 жылғы Қарақұмдағы  Құрылтай  туралы:

« – Жақында Жақайым Құрым биге ас беріледі, соған ел жақсылары түгел жиналады. Мұндай ірі жұмысты солардың алдына салып, көпшілік  алдында  шешейік, – дейді. Осы асқа басшылық  жасаған  Қарашора мен Қармыс би болды.

Ауызша шежіре бойынша Қарашора мен Қармыс бидің ататек шежіресін таратсақ: алты ата Әлімнен: > Жаманақ (шекті), Өріс, Баубек; Шыңғыстан: > Жақайым, Қалу (Мәку); Жақайымнан: > Ақбура, Шалбура (Тоқбура), Ағыс, Көгіс; Көгістен: > Көлімбет, Бәйімбет, Торжымбай, Бидас (Бида), Жандос, Назарша; Көлімбеттен: > Айтымбет, Дандай, Баселек, Бозтай; Дандайдан: > Мерген  Елден, Ақынтай, Қызтуған; Мергеннен: > Тоқшора, Қарашора, Қармыс би, Есіркеп, Ырғызбай, Қылыш, Қожаке­лді, Қалыбай, Меңлібай. 1726 жылғы Қарақұм  құрылтайы  Жақайым руының Көлімбет аталығындағы Құрым бидің асында болған  дейміз.

«Екі-үш күннен кейін Кіші жүздің көп рула­ры асқа жиналады. Жақайымның Бәйімбет, Қыдырбай, Құлымбет Тайқожа, Көлімбет, Қарашора, Қармыс би, Бердіңғұл Сырлыбай, Асан Қожамжар-Дула билерге қосшы болып Байжан  бидің  баласы  Сартай  да  келеді»  (Сартай  батыр. 72-б).

«Отыздан, бар ұлыстан, әрбір жүзден,

Тоқсан би отырысты қатар тізген.

Жүз-жүзден әр ұлыстан бақылаушы,

Отырған тоқсан биге көзін сүзген.

Үш арыс күллі қазақ ортасынан,

Сайламақ қолбасшыны жаннан безген.

Тоқсан би көптен шыққан кілең дана,

Сөйлейді тілді безеп дара-дара.

Сұлтандар Батыр*, Барақ*, Күшік*, Нияз*,

Болат* пен Әбілмәмбет* елге пана,

Қазақтың шаңырағы шайқалғанда,

Қайсысы бола алады әскерге аға?

Біріне-бірі қиып берер емес,

Таласқан билік үшін өзіара,

Созылды тоғыз күнге айтыс-тартыс,

Айналып  арты  дауға  бара-бара.

Қосылмай үш арыстың ынтымағы,

Осылай жатты біраз айдалада,

Қатысқан осы дауға әрбір бидің,

Сыналды тереңдігі шаба-шаба», – деп  жырланады  (Сонда, 101-б).

«Екі аптаға созылған күллі қазақ қолының қолбасшысын сайлау ақыры Әбілқайыр ханның жеңісімен аяқталып, жұмылған жұдырықтай болып түйілген қалың әскер лек-лек болып жауға аттанды», – деп «Сартай батыр» дастанында  айтылады (Сонда, 105-б).

Бұл оқиға 1726 жылы Арал маңындағы Қара­құмда өтеді. Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханды  Үш  жүздің бас қолбасшысы етіп сайлайды.

Автордың түсініктемесі: Батыр сұлтан* – Қайып ханның баласы, Әбілқайыр ханның күйеу баласы, Кіші жүздегі Әлім тайпасының Шекті  руын  билеген.

Барақ сұлтан* – (т.ж. белгісіз – өлген жылы 1749 ж.), Тұрсын ханның баласы, Ұлытау маңы наймандарды билеген, Әбілқайыр ханды 8/09, 1748 ж. өлтіреді, билер кеңесі оған үлкен құн төлеттіреді, Қарнақта бір қожаның үйінде қонақ­та  отырғанда  у  беріп  өлтіреді.

Күшік сұлтан* – (т.ж. белгісіз – 1785 ж. ке­йін өлген). 1730-1748 жылдары Орта жүзде хан болған.

Нияз сұлтан* – (туған, өлген жылдары белгісіз). Әбілқайыр ханның ағасы, елшіліктерде жүрген.

Болат* – (т.ж. белгісіз – өлген жылы 1738? (1724) ж.), Әз Тәуке ханның ұлы, 1718-1723 жылдары  Орта  жүзге  хан  сайланған.

Әбілмәмбет* – (т.ж. XVII ғ. аяғы – өлген жылы 1771 ж.). Болат ханның ұлы, 1734 жылдан  Орта  жүздің  ханы.

Төртінші: Әнес Сарай 1723-1728 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы туралы: «Ал Мұхаммед якут Бухари бұл оқиғаны былайша суреттеген: «Ұдайы жеті жыл бойы үзілмеген көшпенділердің жойқын жөңкілісі Самарқанд пен Бұхара аралығындағы диқаншылық аймақты әбден титықтатты. Оның соңы болып көрмеген аштыққа ұласты, адамдар бірін-бірі жеуге дейін жетті. Жергілікті жұрт басы ауған жаққа қашты. Бұхарада екі махалла ел қалды, Самарқандта ол да жоқ, қаңырап бос тұрды» (Темиргалиев Р. Эпоха последних батыров. Алма­ты, 2009, 76-б)». Сөйтіп, негізінен Орта жүз жұрты орналасқан Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Икан, Түркістан, Ұлы жүз жұрты орналасқан Текес, Бабанөлген, Қара­мұрт, Чиназ, Ташкен, Әндижан қала­ларын жауға алдырған Қазақ хандығы мемлекеттік құрылым ретінде жойылу сатысына енді. Жолбарыс хан, Төле би басшылығындағы ел амалсыздан жоңғар бодандығын қабылдады, бодандыққа мойынсұнбаған Болат хан, Барақ, Қушық, Әбілмәмбет қарамағындағы ел байыр­ғы  отандарын  тастап  Самарқандқа ауды. Қазақ  хандығының  Сыр  бойындағы кіндік қалала­ры  және  хандықтың астанасы Түркістан бір қолдан екінші қолға өтіп, жоңғарлардың  әскери гарнизон  ұстайтын  бекінісіне  айналды.

Бесінші, Р.Темірғалиев Еділ қалмақтарының Кіші жүз жеріне жасаған жойқын шабуы­лы туралы: «В августе 1725 г. двадцатитысячное войско Доржи Назарова и Галдан Данжина нанесло удар по казахским кочевьям, распо­ложенным на р. Эмбе. Были разорены около тысячи семей, и оттого нано большое коли­чество  скота», – деп  көрсетеді  (Ак Орда. Алматы, 2012, 246-б).

Р.Темірғалиев Әбілқайыр хан мен Сәмеке ханның келесі жылы, 1726 жылы Еділ бо­йындағы қалмақтарға  қарымта  жорығын: «Хан Абулхаир сделал бросок на запад. Осенью 1726 г. объединенное войско Среднего и Младшего  жузов  численностью  около 10 тысяч  бойцов  под началом  Абулхаира и Самеке казахи удалось  разгромить улус тайджи Лобжи Назарова, но калмыки сумели быстро принять контрмеры и  мобилизовать  20-тысяч­ное войс­ко.

Часть мелких казахских отрядов была прижата к Каспийскому морю и истреблена. Основ­ные же силы отступавших казахов были настигнуты неподалеку от р. Яик и почти окруже­ны. …После ожесточенного четырехдневного боя с превосходящими силами противника Абулхаир и Самеке были вынуждены начать переговоры. …В результате заключен­ных соглашений предводители казахского войска освободили плеников и вернули награбленное имущество, после чего дали обязательство не нападать на калмыков до тех пор, пока родившийся в это время младенец не будет в состоянии оседлать коня и взять в руки лук. Гарантируя соблюдение этих условий, казахи предоставили калмыкам 60 аманатов (заложников) из числа наиболее известных степняков, среди которых находились и такие батыры, как Бокенбай и Есет», – деп баяндайды (Ак Орда. Алматы, 2012, 247-б).

Р.Темірғалиевтың баяндағанындай, Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан мен Орта жүз ханы Сәмеке ханның  Еділ қалмақтарына жасаған жорығы, қазақтар жеңіліс тапқанымен, аяғында қалмақтармен бір-біріне тимеуге 10 шақты жылға келісімге келуі, Кіші жүзге қарайтын рулардың әскерінің шығыстағы жоңғарларға қарсы  соғысуына  өте пайдасы тиді. 1726 жылы  Бұланты мен Білеуті өзендерінің бойын­дағы жоңғарлармен соғысқа Кіші жүз рулары 35 мың әскер шығарды. 1710 жылы Қарақұм құрылтайында  бас қолбасшы болып сайланған Табын Бөгенбай 1726 жылғы Бұланты мен Білеутідегі соғысқа қатыспаған, ол қалмақ  қолында  аманатта  болды.

Р.Темиргалиев: «В связи с тем, что батыр Бокенбай, избранный главнокомандующим в 1710 г., находился в аманатах у калмыков, на эту должность был избран хан Абулхаир. Кроме того, были избраны командующие войсками каждого из жузов в отдельности. Таковыми стали отличившиеся в Карасиырской битве Саурык в Старшем жузе и Тайлак в  Младшем  жузе. В Среднем жузе главным баты­ром стал уже упоминавшийся (авт. – Арғын руынан) Богембай. Активную помощь в борьбе с джунгарами казахам оказывали также племена каракалпаков и киргызов», – деп Үш жүздің біріккен жауынгерлерінің 1726 жылғы бірінші жеңісін  жазады  (Сонда, 248-б).

Тағы бір дәлеліміз, 1723 жылғы жоңғар шапқын­шылығы туралы М.Тынышпаев: «Казаки были застигнуты врасплох, ни о каких мерах защиты не могло быть и речи; нужно было бежать, бросая скот, имущество, стариков, детей и т.д. Немало народу было перебито калмыками, немало погибло его при переправах через бушевавшие реки Талас, Боролдай, Арыс, Чирчик, Сыр-Дарью. Охваченные паникой казаки бежали к реке Сыр-Дарье… Старшая Орда и часть Средней переправились через Сыр-Дарью выше впадения р. Чирчик в р. Сыр-Дарью. Младшая Орда, обогнув г. Сауран («Сауран-айналган»), переправилась ст. Чии­ли или Кызыл-Орды (Ак Мечети) и ушли в Хиву», – деп жазғанынан білетініміз Оңтүстік облысы түгелімен жоңғар қолы астында қалды. Осы  уақиғадан  кейін, үш жыл өткенде Ордабасыда бүкілхалықтық Құрылтай өткізеді. Ойға қонбайтын  жері, Оңтүстік облысы жоңғардың  қол  астында болса, қалайша Ордабасыда Құрылтай өткізеді? Тарихта «Ақтабан шұбырынды» бес жылға (1723-1728) созылған деп тарихи  айналымға  кіргізіп  қойған.

Әнес Сарайдың пайымдауы бойынша: «Жолбарыс хан, Төле би басшылығындағы ел амалсыздан  жоңғар  бодандығын   қабылдады», – деп  жазғанынан білетініміз 1726 жылы Ордабасы­да Құрылтай болған жоқ деп  айта  аламыз.

Қорыта айтқанда, XVII-XVIII ғасырлардағы тарихи аңыздар мен жырларда қазақ ханда­ры, сұлтандары мен батыр және биле­рінің  ерлік  істері жырланады. Қазақ батырлары – елді жаудан қорғауда үлкен ерлік істер көрсетіп, қанын төгіп, жанын берген тұлғалар. «Сартай батыр» дастаны жоңғар, қалмақ шапқын­шылығы кезіндегі тарихи оқиғалар туралы жыр десек, ал сол заманда туған, аңыз­дар  мен  дастандар – халықтың басынан өткен қиын-қыстау, аласапыран заманның көркем шежіресі.

1710 жылғы Қарақұм құрылтайы, қазақтың «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді», – дегендей, Үш жүздің ел басына қауіп төнгенде, билер мен батыр­ларының бірлігіннің арқасында осы Құрылтайды өткізген. Арал маңындағы «Қарақұм құрылтайы» Кіш жүз, Алшын тайпаларының ішіндегі белді тайпа, алты ата Әлім ұрпақ­тарының  бастауымен,  ұйымдастыруымен 1710  және  1726  жылдары  өткен   дейміз.

Тарихи  аңыздардың  бізге жеткені, XVIII ғасырдың  басында, 1710 жылы Кіші жүз қазақ­тары  қалмақ, орыс-казак шабуылына тойтарыс беру үшін Арал маңындағы Қара­құмда құрылтай  шақырады. Оған жиналған Орта жүз бен  Ұлы  жүз  ру  көсемдері мен батыр­ла­ры жау­ға  тізе қосып, қасық қаны қалғанша соғысуға ақ боз атты құрбандыққа шалып, соның  етін жеп ант беріседі. Әбілқайыр сұлтанды Кіші  жүз ханы, Табын Бөгенбай батырды бас  сардар (бас  қолбасшы)  етіп  сайлайды.

«Сонымен 1723 жылдың аяғында Дешті Қыпшақ даласында екі хан қалды: бірі – Еділ қалмақтарымен соғысты тамамдап, Еділден Сыр   бойына   беттеген  Әбілқайыр  да,  екіншісі – Торғай даласына барып, шақшақ, саржетім, қыпшақ, бағаналы, балталы наймандарға хан жарияланған Болат ханның тетелес інісі Сәмеке сұлтан», – деп «Ақтабан шұбырынды…» атанған қазақ халқының басынан өткен трагедиясын осылай таратып жазады (Бес Мейрам. Астана. 2015, 92, 93-бб).

Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан бастаған, солтүстік-батыстағы Еділ-Жайық, Ырғыз, Торғай мен Жем өзендерінің бойындағы, Арал теңізі маңы, орта Сырдария бойы, Қарақұм мен Қызылқұм аумағында мекендеген Кіші жүз ру-тайпалары: он екі ата Байұлы, Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей) мен Жетіру айтарлықтай қол жинап, батыл қимыл көрсете алды. Оңтүстік-шығыстағы Ұлы жүз бен Орта жүз жұрты атақоныстарын тастап, бас сауғалап қашқанымен, Кіші жүз жұрты қанды қырғыннан сақтай білді, тәуелсіздік жолындағы  күресіне дем беруші және шешуші фактор  болды.

Қарақұм құрылтайы туралы деректер ауызекі шежірелер мен халық әдебиетінде, сондай-ақ XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынас­тарына байланысты тарихи мұрағат құжаттарында  кездеседі. 1710 жылғы Қарақұм құрылтайына А.Левшин, Л.Мейер, Я.Гавердовский,  М.Тынышпаев, М.Қозыбаев, Мұхтар Мағауин, И.В.Ерофеева, т.б. тарихшылардың еңбектерінде  тарихи лайықты  баға  берілген.

Тоқетерін айтқанда, біздің пайымдауы­мыша 1726 жылғы Арал маңындағы Құрылтайда Кіші жүз ханы Әбілқайырды Орта жүз бен Кіші жүздің игі жақсылары Үш жүз әскерлерінің  бас  қолбасшысы  деп сайла­ған дейміз. Осы пікірімізге сәуле түсіретін И.В.Ерофеева­ның: «В 1726 или 1727 г. одном из традицион­ных курултаев кочевой знати и народных представителей трех жузов, состоявшемся предположительно в Приаральских  Каракумах, казахские ханы, султаны и батыры приняли общее решение организовать единое ополчение против джунгар и избрали хана младшего жуза  Абулхаира (1710-1748) верховным коман­дующим  всех воинских сил казаков», – деп жазуы біздің болжамымыздың дұрыс екенін білдіреді (Аныракайский треугольник. Алматы, 2008, 23-б).

2012 жылы Арал ауданы, Қарақұм ауылының орталығында осы атаулы оқиғаның 300 жылдығына орай мемлекеттік тарихи маңызы зор 1710 жылғы «Қарақұм құрылтайын» мәңгі есте қалдыру үшін арнайы ескерткіш-стелла  орнатылды.

Ендігі үлкен жұмыс 1726 жылғы Қарақұмда өткен Құрылтайды кәсіби тарихшылардың алдында дәлелдеп, тарихи айналымға енгізу керек. Бұл жұмысты іске асыру үшін «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің (атқарушы директоры Айжарық Ерәлиев) атқарар жұмысы шаш етектен екені белгілі, әлі алдымызда тұрған, дәлелді шындықтың өзін дәлелдеу үшін талай қағаздың бетін шимай­лауға тура келеді. Тарих сүйер оқырман мен кәсіби тарихшылар, өлкетанушылар бұл пікірімізге қолдау көрсетіп, газет бетіне ойларын, пікірлерін жазып жатса, пікір­талас ақиқатқа  айналар  деген  үміттеміз.

Әлібек  САБЫРБАЕВ

(Соңы.  Басы  өткен  санда.)

Пікірлер:
  • Орыстың ықпалына жығылып жазылған өтірік тарихты жойып,шындықты мойындайтын да мойындататын да кез жетті. Әлібек аға Сізге ризамыз. Бабалар жолын келер ұрпаққа аманат етіп қалдырдыңыз.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: