Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Танымал дәрігер Назарбаевтың бала-шағасы Қазақстанда неге емделмейтінін айтты

30.01.2024, 11:05 507

HALYQLINE.KZ

Назарбаевтың тұсында денсаулық министрі болып қызмет атқарған Жақсылық Досқалиев бұрынғы экс-президенттің отбасы мүшелерінің медицинаға арласпағанын айтып өтті.

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында ол журналистің «бірінші президенттің бала-шағасының отандық емханаларда неге емделмейді?» деген сұрағына жауап берді.

«Біздің Конституцияда айтылғандай, әркім өзінің құқығы, қаражаты болса, шетелде емделеді, қаражаты болмаса, елде емделеді. Мәжбүрлеп мында келіп емдел деп айта алмаймын. Бірақ Медцентр, управделами президента деген бар осында. Ол жерде депутаттар, үкімет мүшелері, солардың семьясы, бүкіл мемлекеттік қызметкерлер емделеді», – деді Досқалиев.

Сонымен қатар, Жақсылық Досқалиевтың бұрынғы президенттің отбасы мүшелері медицина саласына араласпағанын айтты.

«Ондайды көрген жоқпын. Осы жерде былай, анау жерде олай дегенін көргенім жоқ. Бірақ айта кететін нәрсе. Алматыда Қазақ-Ресей медициналық университеті бар. Соған жылжымалы диагностикалық кешенді Дариға Назарбаева өзінің қаражатына сатып алып берді», – деді бұрынғы министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: