Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік – алтын қазынам

16.12.2022, 9:00 719

HALYQLINE.KZ

 

Таптамай туған жердің гүлін ешкім,

Келеді қадірімді біліп өскім.

Көтеріп Қазақстан көк байрағын,

Жүрейін дүрмегінде ұлы көштің!

 

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 31 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. «Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет», – деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен болатын. Қуатты елдің иесі, әрине, біз жастар, өз білімімізбен, еңбеқорлығымызбен, күш-жігерімізбен болашақ Қазақстанымыздың кемел халқы болуға еңбек етуіміз керек.

Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы – өжет, ұлы – қайратты, халқы – қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік. Халқының еркіндігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барлығы да елдің азаттығы мен халқының тыныштығы үшін қажымай, талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтың 31 жылында жүз жылға татитын қадамдар жасалуда.

Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан-жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін. Ендігі ұрпақтың мақсаты – мол біліммен қаруланып, кең-байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ, ынтымағы жарасқан, бірлігі мығым ел болайық. Бұл – мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Айымжан  Ибаділла,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

Коллаж ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: