Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр жұртшылығы Мақтааралға көмек көрсетеді

06.05.2020, 11:40 381 0

HALYQLINE.KZ –| Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының бірқатар ауылын су басуына байланысты Қызылорда облыстық Жастар орталығы жанынан құрылған ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫС ВОЛОНТЁРЛАР ШТАБЫНЫҢ бастамасымен 4 мамыр күні су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ құрылды.

5 мамырда облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері, бастамашыл жас кәсіпкерлер, волонтерлар, Ассамблея хатшылығы мүшелері, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты филиалы белсенділігімен 11 тоннадан аса азық-түлік, киім-кешек, қажетті құрал-жабдықтар жинақталды.

Жинақталған заттарды уақыт күттірмей жеткізу мақсатында 6 мамыр күні 7 автокөлік (2 жүк газелі, 2 шағын автобус, 1 үлкен сыйымдылықтағы автобус, 2 жол талғамайтын көлік (джип), 30-ға жуық ерікті бастамашыл топ пен волонтерлар «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» бастамасымен жолға шықты.

Жүк және волонтерлер орналасқан көліктер легі «Тағзым алаңы» аумағынан айтыскер ақын М.Ниязовтың арнайы арнау өлеңімен шығарып салады.

Аймақ атынан гуманитарлық көмек жолдау шарасы жалғасын табатын болады.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: