Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінің тәжірибесі – бүкіл елге үлгі

13.12.2023, 21:30 244

Сыр өңірі биылғы жылды айтарлықтай жетістіктермен қорытындылауда. Әсіресе, құрылыс қарқынын арттырудағы аймақ тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат сессиясында айтты.

«Үкіметте Қызылорда облысының тәжірибесін өзге өңірлерге де енгізу жөнінде шешім қабылданды. Қараша айында Құрылыс және өнеркәсіп министрлігінің бастамасымен республикалық мекеме басшыларының, барлық облыс әкімдерінің құрылыс және энергетика саласына жетекшілік жасайтын орынбасарларының, басқарма басшыларының қатысуымен Қызылордада құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде республикалық жиын өтті», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, биыл облыс көлемінде 4170 пәтерлік 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 2500-ден астам пәтер табысталып, 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: