Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су айдындарындағы сақтық шаралары күшейтілді

30.04.2020, 18:47 662

HALYQLINE.KZ –| Облыстың су айдындарында және Сырдария өзенінде суға түсу маусымы басталды. Дегенмен, осы маусымда азаматтардың әртүрлі себептермен қиын жағдайларға ұшырауы кездесетіндігі өздеріңізге мәлім. Биылғы жылдың өзінде облыс су айдындарында 4 адам қаза болды. Оның ішінде 3 адам балық аулау кезінде қаза тапты, біреуі оқиға ретінде тіркелген. Бұл туралы өңірілік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында Молдақараев Сайд Шазындаұлы мәлімдеді.


«Судағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша Жедел-құтқару жасақ құтқарушылары өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруда. Қазіргі уақытта жасақта 54 сүңгуір маман дайындықтан өткен. Жасақта қазіргі уақытта 18 бірлік техника және 29 жүзу құралдары, сондай-ақ қайықтардың ілмелі моторлар – 16 бірлік бар.

Суға түсу маусымында адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар техниканы, жүзу құралдарын, сүңгуірлік құрал-жабдықтарын дайындыққа келтірді», – деді Сайд Шазындаұлы.


Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында 2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың қазасын болдырмау мақсатында, Сырдария өзенінің қауіпті аумақтарында, халықтың суға шомылатын орындарында, Көліктік бақылау инспекциясы, полиция Департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Арал теңізінде және көлдер, сондай-ақ облыстың басқада су айдындарында балық аулайтын орындарда, суға шомылу маусымы (1 маусым 1 қыркүйек аралығы) басталғанан бастап күнделікті кезекшіліктер, рейдтер және дауыс зорайытқыш автокөліктің көмегімен адам көп жиналатын және су айдындарының жағалауынан үгіт насихат жұмыстары жүргізеді деп, бірқатар кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: