Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шахтадағы жарылыс: алты мәйіттің кім екені әлі анықталмаған

31.10.2023, 14:55 188

HALYQLINE.KZ

Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сырым Шәріпханов үкіметтің 31 қазанда өткен жиналысында 45 кеншінің денесі және «46-шы кеншінің мәйіті болуы мүмкін» қалдықтар табылғанын айтты.

Министрлік мәліметінше, алты мәйіттің кім екені әлі анықталмаған. Оны анықтау үшін сараптама тағайындалған.

«Апат себебін анықтау мақсатында үкімет комиссиясының мүшелерімен бірге шахтаға түстік. Біраз нәрсе бүлінгенін көрдік. Тау-кен құрылғылары жылжып кеткен. 15-тен астам тіреу бұзылған. Желдету құрылғысы істен шыққан» дейді Шәріпханов.

30 қазанда жергілікті БАҚ 46-шы кеншінің мәйіті табылғанын марқұмның туыстарының айтқандарына сүйене отырып хабарлады. Бірақ құзырлы мекемелер мәліметті ресми түрде растамай отыр.

ТЖМ мәліметінше, жеті түрлі салалас комиссия құрылып, олардың бәрі жұмыс істеп жатыр. Қазақстандағы, сонымен бірге жақын және алыс шетелдегі сараптау ұйымдары тартылған.

28 қазанда сағат 2 жарым шамасында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. ТЖМ мәліметінше, осы кезде шахтада 252 кенші болған. 201 кенші шахтадан өздері шықса, бес кеншіні құтқарушылар алып шыққан.

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: