Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаһар жұмысы баршамызға ортақ

10.03.2020, 11:55 345

Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр журналистерімен еркін форматта кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – тілшілер қауымының ой түрткісінде жүрген түйткілді мәселелерді ортаға салып, шешімін табу.

– Заман ағымына сай дамудың жаңа жолына түскен медиа саласы бәсекелестік ортаны қалыптастыру, жаңа технологиялар мен дәстүрлі журналистиканы ұштастырған алып индустрияға айналды. Оның бір дәлелі – біздің жергілікті телеарналардағы жаңа форматтағы бағдарламалар мен интернет басылымдардың қатарының көбеюі. Арзан ақпаратты желеу еткен сенсация емес, халықтың көкейтесті мәселесін жеткізу, сол арқылы байыбына барып бағасын беру, ең бастысы – елдің бірлігі мен берекесін сақтап, халық пен биліктің бағытын бір арнада тоғыстыру секілді абыройлы міндетті арқалаған бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегіне халықтың берер бағасы да ерекеше екенін баса айтты, – алғаш болып сөз алған қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы.

Одан әрі сөз алған «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев журналистер қауымы атынан қала дамуына бірлесе жұмыс атқаратынын жеткізе отырып, «Журналистер аллеясын» ашсақ, қаламызға танымал еңбегі сіңген тұлғаларымызға көше атаулары берілсе деген өз ұсынысын жеткізді.

Сондай-ақ, қаламы қарыштап, сөз сарасын сараптап, халыққа қажетті ортақ дүниені жеткізетін қала тілшілері еркін пікір алмаса отырып, алдағы уақытта бірлесе атқаратын ауқымды істерде өңіріміздің өркендету бағытындағы тұшымды ұсыныстары мен ақ тілектерін жеткізді.

Кездесу соңында шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев барлық ұсыныс-тілектерді қабылдай отырып, Сыр өңірі қаймағы бұзылмаған тіл мен рухтың, қазақылықтың нағыз ортасы майталман журналистердің үздік ұстаханасы екенін және өз кезегінде сіз болып біз болып бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін деп қорытындылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: