Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серік Қожаниязов зейнеткерлердің жағдайын білді

23.01.2024, 17:39 218

Зейнеткерлерге соңғы кездері көп көңіл бөлініп жатыр. Оларды жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету жүйелі жолға қойылған. Яғни шаһардағы зейнеткерлер «Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, таңнан кешке дейін өзі секілді өзге зейнеткерлермен әңгіме-дүкен құрып, уақытын көңілді өткізе алады. Мұнда ерлерге де, әйелдерге де арналған бөлмелер бар. Әрі тамақтанатын орын да, массаж қабылдап, демалатын жағдай да қарастырылған. 2009 жылы ашылған мекеме қазір бір уақытта  50 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.  

Суретті түсірген жүктеуші.

Шаһар басшысы Ардагерлер үйіне келіп, уақыт өткізіп жатқан зейнеткерлермен тілдесіп, жағдайын сұрады.

  • Жасым 74-те. Өзім секілді зейнеткерлер болған соң, уақытымды тиімді өткізуді жоспарлап осында келемін. Бұл жақтың бізге көрсететін қызметі жақсы. Мезгілімен тамақтары да қарастырылған. Қызметкерлері де сыпайы, – деді мекеме қызметін алушы зейнеткер.  Ал «қандай мәселе бар?» деп сұрағанда жағдайларының жақсы екенін жеткізіп, барлық мүмкіндік қарастырылғанын айтты Ардагерлер үйіндегілер.
Суретті түсірген жүктеуші.

Содан соң, Серік Салауатұлы мекеменің қазіргі тынысымен танысып, арнайы кабинеттерді, мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін орнын аралап, қазіргі қарқын мен атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: