Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сауда орындарына өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

26.08.2022, 15:00 208

HALYQLINE.KZ Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Ескі базар» аумағында орналасқан сауда нысандарына қала әкімдігі мен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері өрт қауіпсіздігін қатаң ұстану қажеттігін түсіндірді.

Аралау барысында өрттің алдын алу мақсатында тұтынушыларға барынша қолайлы жағдай жасау, базар ішінде орналасқан асхана желілерінде электр жабдықтарының қауіпсіздігін қадағалау, қосылған электр қондырғыларын қараусыз қалдырмау бағытында нұсқаулық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, базар басшылығына аумақта тазалықты қатаң сақтау тапсырылды.

Барша кәсіп иелерін қарапайым сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға және санитарлық тазалықты сақтауға шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: